Түркістандық тәртіп сақшылары 5 облыстың тұрғындарын алдап кеткен алаяқ әйелді ұстады. Күдікті Түркістан қаласының 30-дан асқан тұрғыны болып шықты. Алаяқ өзінің қитұрқы әрекеттерін әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырып отырған. Ол WhatsApp арқылы “Криптовалюта” атты топ құрып, ақшаңды еселеп беремін деп тұрғындардан ақша алған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 миллионнан асады.