Түркістан
EN

Жолды сапасыз салғандар жазаланды

77
28.01.2025

Ауданаралық жолдар мен ауыл көшелерін сапасыз салған мердігерлер мен техникалық қадағалаушылар жазаланды. Түркістан облысында жол құрылысына жауапты компанияларға 20 млн теңге айыппұл салынды.  Ұлттық сапа орталығы 42 облыстық және аудандық маңызы бар жолдар мен 208 ауыл көшесінің құрылысын бақылауға алған. Аталған нысандарға тексеруге барып, салынып жатқан жолдардан 2147 сынама алған. Нәтижесінде 152 кемшілік анықталды.  Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына 25 хат жолданды. Нәтижесінде мердігерлер техникалық қадағалаушылардың әрқайсысына 9 жарым млн теңге айыппұл салынды. Ал 12 жол құрылысын бақылаған техникалық қадағалаушының 6 айға аттестаты тоқтатылды. Ұлттық сапа орталығының нұқауымен 5500 шаршы метр жол жабыны қайта төселді.