Түркістан
EN

Созақ ауданында газ баллоны жарылды

60
28.01.2025

Түркістан облысы, Созақ ауданында тұрғын үйде газ баллоны жарылды. Оқыс оқиға Аққолтық ауылында кеше кешкі сағат 8 шамасында болған. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін көршілері үйінді астынан күйік шалған 6 адамды алып шығып ауруханаға жеткізген. Оның бесеуі бала. Қазір зардап шеккендердің үшеуі жан сақтау бөлімінде. Төтеншеліктер жарылысқа не себеп болғанын анықтап жатыр.