Былтыр Түркістан облысында 400 келіге жуық есірткі тәркіленген. Сондай -ақ, облыс полицейлері 665 есірткі қылмысының жолын кесіпті. Ал, биылдың өзінде 4 келіден астам заңсыз тауардың айналымын тоқтатқан. Оның үстіне, өңірде есірткіні желіде сататындар да көбейіпті. Осыған орай, облыстық полиция департаменті интернет желісіне мониторинг жүргізіп, 153 есірткі сататын ресурсты анықтаған. Қазір олардың барлығы толық бұғатталды.