Алматыда үш қабатты бизнес орталық өртенді. Қызыл жалын шарпыған нысан Әуезов көшесі бойында орналасқан. Оқыс оқиға туралы ақпарат түскен бойда құтқарушылар жедел әрекетке кірісіп, өрттің аумағын оқшаулаған. Мамандар зардап шеккендер жоқ дейді. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.