Алматыда Қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған 40-тан аса адамға бүгін сот үкімі шықты. Олардың қатарында ел ішінде «Дикий Арман» деп танылған Арман Жұмагелдиев, Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген және Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің 5-департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов бар. Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. Арман Жұмагелдиевке қаңтар оқиғасы кезінде 24 адамды ұрлап кетті деген айып тағылған болатын. Сот үкімі бойынша оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ал Қайрат Құдайберген 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Руслан Ысқақов 15 жыл 6 айға түрме жазасы кесілді және өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот бұдан өзге іс бойынша күдікті деп танылған 41 адамның барлығын кінәлі деп танып, 1 жыл 3 айдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырды.