«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру түбі тесік қайық секілді. Ал жауаптылар оны жамаудың орнына суды шелектеп далаға төгеді». Үкімет сағатында парламент депутаты Асхат Аймағамбетов медициналық жүйені осылай сынап тастады. Оның сөзінше, МӘМС медицинаны халыққа қолжетімсіз етіп, шығынды көбейткен. Қаражат та тиімсіз жұмсалып отыр. Ал жауаптылар мәселенің негізгі себебін жоюдың орнына тек салдарымен күрес жүріп жатыр.