Қазақстан-Қытай арасындағы тауар айналымы 9% артып, 43 млрд доллардан асқан. Премьер-министр Олжас Бектенов Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинмен кездесіп, осы бағыттағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды. Қазір Қытай еліміздің 5 үздік инвесторы қатарында. Бүгінге дейін 11 мың жұмыс орнын ашу арқылы 62 жоба іске асты. Ал 17 мыңнан астам жұмыс орнын ашатын 55 жоба қазір жүзеге асу сатысында. Бұдан бөлек, тараптар транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударып отыр. Былтыр екі ел арасында жүк тасымалдау көлемі 13%-ке өскен.