Түркістан
EN

Облыстық ата-аналар форумы өтті

126
27.01.2025

Ұлт болмысының негізін сақтап қалатын негізгі діңгек - ұрпақ тәрбиесі. Осыған орай, Түркістанда «Қоғамға қауіпті бес кесел» атты облыстық ата – аналар форумы өтті. Шараның мақсаты ата-аналардың бала алдындағы жауапкершілігін күшейту. Сондай -ақ, бала тәрбиесіндегі маңызды дүниелерді басты назарға алу. Жалпы Түркістан облысы әкімдігі мен  «Білім - Инновация» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  өткен шараға өңірдің әр ауданынан келген мыңнан астам ата-ана қатысты.