Түркістан
EN

Ақтау маңындағы ұшақ апатының алдын ала себебі келесі аптада белгілі болады

162
24.01.2025

Ақтауда болған ұшақ апатына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары аяқталуға жақын. Қайғылы оқиғаның себебі алдағы аптада белгілі болады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның сөзінше, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқан комиссияның құрамында 18 сарапшы бар. Олар Ресей, Әзербайжан, Бразилия және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының өкілдері. Комиссия Бразилиядан келген қара жәшіктерді зерттеуге бар күшін жұмсап жатыр екен. Ал оның ішіндегі материалдардың бәрі оқылып, анықталыпты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетілген.