Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады. Кездесуде Тимур Мұратұлы президентке банктің былтыр жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысын баяндады. Сондай-ақ бағаны тұрақтандыру және инфляция деңгейін орта мерзімді мақсатқа сәйкес 5 пайызға жеткізу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілген.