Түркістанда мемлекеттік қызметке іріктеудің цифрлық жүйесі енгізілуде. Пилоттық жобаға қосылудың артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы қала әкімдігінде өткен арнайы семинарда айтылды. Салаға жауаптылардың айтуынша, цифрлық жүйе мемлекеттік қызметке кірудегі кедергілер мен тосқауылдарды жойып, барлық азаматтар үшін мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігіне кепілдік береді.