Түркістан
EN

Қожа Ахмет Ясауи кесенесін көруге қай елдерден туристер көп келеді?

200
24.01.2025

Былтыр Түркістанға келген шетелдік туристер саны 45 пайызға артқан. Тарихи шаһарға табан тірегендердің басым бөлігі — Өзбекстан азаматтары. Одан кейінгі қатарда Ресей, Қытай, Түркия, Қырғызстан елдері бар. Ал өткен жылдың IІІ тоқсанындағы мәліметке сенсек, Түркістан облысына 500 мыңнан астам турист келген. Оның 235 мыңы қонақ үйлер мен хостелдерге, 136 мыңы емдік сауықтыру орындарына, 128 мыңы табиғи аумақтарға орналасыпты. Сондай-ақ, былтыр біркүндік келушілер саны 900 мың адамға жетті. Яғни, бір күн ішінде «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайына - 638 мың, «Отырар» қорық-музейіне - 241 мың адам келуші ретінде тіркелген.