Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Қазірдің өзінде 377 көпқабатты тұрғын үйдің 288-і толығымен жаңартылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов кенді қалаға арнайы іс-сапармен барып, жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты. Алдымен қаланың кіреберісінде орналасқан кәріз су тазалау станциясына барды. Қазір осы салаға қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жоба бойынша 40 гектар жер теліміне жаңа кәріз су тазарту станциясы орнатылады.