Түркістан облысында транзиттік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда Кентау қаласынан Жамбыл облысына,Түркістан қаласының халықаралық әуежайына тікелей жолдар салынды. Әуежай аптасына 23 рейске қызмет көрсетіп, жүк тасымалынаң көлемін 9.5 есеге арттырды. Сондай-ақ «Дарбаза-Мақтаарал» желісі оңтүстік аудандарды теміржолмен байланыстырып, экономикалық өсімді қамтамасыз етеді. Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізі және Жібек жолы бағыттары өңірдің геостратегиялық маңызын күшейтеді.