Түркістан облысында өндіріс орындарын ашып, инвестиция тартуға басымдық берілген. Сол себепті аймақта арнайы инвестициялық штаб құрылған. Оған облыс әкімі төрағалық етеді. Биылғы алғашқы инвестициялық штаб отырысында бас аяғы 15 жобаның жай күйі пысықталды. Олардың қатарында: Сайрамдағы бу-газ қондырғысы, мал сою бекеті мен мал бордақылау алаңы мен Созақтағы газ өндіру жобаларының өзекті мәселелері қаралды. Өз кезегінде облыс әкімі жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту жұмыстарын күшейте түсуді тапсырды.