Түркістан облысында машина жасау өнеркәсібін дамыту қолға алынды. Отандық шағын габаритті арнайы техника мен коммуналдық қондырма жабдықтарын шығаратын кәсіпорын өңірдегі шағын өндірістік паркте орналасқан. Оның жұмысымен облыс әкімі Нұралхан Көшеров танысты. Жұмыс жоспарына сәйкес, бұл зауытта жылына 1 мың арнайы техника шығару көзделген. Жоба биыл жүзеге асады деп жоспарланған. Айта кетейік, осы зауытта елімізде алғаш болып жаңбырлатып суару машиналары шығарыла бастады. Жалпы Түркістанда былтыр инвестиция көлемі 36,5 миллиард теңге болатын 8 өндіріс іске қосылып, 712 жаңа жұмыс орны ашылған.