Биыл «жұмысшы мамандықтары жылы». Яғни, қоғамда еңбекқорлығы мен кәсібилігін қатар алып жүрген жандарды қолдауға басымдық берілмек. Осыған орай TURKISTAN арнасы «жүз күнде - жүз жұмысшы» атты арнайы жоба бастаған болатын. Бүгінгі кейіпкерлеріміз - Сайрамдық Алешиндер жанұясы. Тыңғылықты тірлік иелері жиналған әулетте ер адамдардан бөлек, әйелдер де ауыр қызмет түрін таңдапты. Ердің ісін еңсеріп жүрген нәзік жандылармен тілшіміз тілдесіп қайтты.