Түркістан
EN

Сарышұнақ аяз басталды

80
23.01.2025

Қыс қаһарына мінді. Еліміздің басым бөлігін сарышұнақ аяз қысып, ақтүтек боран әбігерге салып отыр.  Ауа-райының бұзылуына байланысты Солтүстік Қазақстанда 1-9-сынып оқушылары қашықтан білім алатын болды. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облысының кейбір аудандарында сабақты онлайн өтеді. Ал Астанада бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары және колледждің 1-2 курс студенттері де үйден шықпай білім алады. Табиғаттың тосын мінез танытуы елдегі көлік қатынасын да тежеп отыр.