Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев автокөлікті жылыту бойынша эксперимент жүргізіп, нәтижесін әлеуметтік желіде бөлісті. Күні кеше министр солтүстік өңірлерде автокөлікті жылытуға 5 минут та жеткілікті екенін айтқан болатын. Тіпті "түнде көлікті далада қалдырып, эксперимент жүргіземін" деп уәде еткен еді. Бүгін министрдің баспасөз қызметі оның нәтижесін жариялап, видеоны әлеуметтік желіге жүктеді. Бейнежазбада министр көлікті жылытуға 5 минут жұмсағанын көрсету үшін телефонына таймер қояды. Алайда көліктің қаншалықты қызғаны нақты көрсетілмеді.