Елдестірмек елшіден. Қазақстанда өздерінің дипломатиялық миссиясын 9 елдің өкілі ресми түрде бастады. Олардың қатарында шығыстағы көршіміз Қытай, Кипр Республикасы, Жапония, Австрия, Словения, Дания сынды мемлекеттер бар. Бүгін олар Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын салтанатты түрде табыстады. Кездесу барысында президент еліміз жаһандық және өңірлік деңгейдегі тыныштық пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталған бейбітсүйгіш саясат ұстанатынын жеткізді. Және Қазақстан нарығы экономикалық ынтымақтастыққа ашық екенін мәлімдеді.