Түркістан
EN

Облыс әкімі жолдарды күтіп-ұстау жұмысын сынға алды

96
22.01.2025

Биыл Түркістан облысында 1100 шақырымнан астам жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оған қоса, өңірдегі автомобиль жолдары саласын дамыту үшін жүздеген нысан  пайдалануға берілмек. Бұл туралы облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында айтылды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров Республикалық маңызы бар жолдардың сапасы сын көтермейтінін жеткізіп, «Қазавтожол» мекемесінің облыстағы өкілдеріне ескерту жасады.