Түркістан
EN

Картоп бағасын тұрақтандыру барысында 49 заң бұзушылық анықталған

57
22.01.2025

Картоп бағасын тұрақтандыру барысында 49 заң бұзушылық анықталған. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді. Жалпы жыл басынан сауда үстемесін 15%-дан асырмау бойынша 20 аймақтық комиссия тексеріс жүргізген. Осының барысында әлеуметтік маңызы бар өнім саналатын картопқа қатысты заң бұзушылық анықталып отыр. Енді анықталған барлық фактілер бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданбақ. Сауда комитетінің мониторингі бойынша, бүгінгі күні Қазақстан бойынша картоптың орташа бағасы 322 теңге. Ал тұрақтандыру қорларында 62 мың тонна картоп бар.