Түркістан
EN

Түркістан облысында мақта кластерін дамыту жұмыстары пысықталды

66
22.01.2025

Түркістан облысында мақта кластерін дамыту жұмыстары пысықталды. Белгіленген жоспарға сай өңірде 9 мақта-тоқыма кешенін құру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 14 мың жұмыс орны ашылып, жыл сайын салық түсімі 26,2 млрд теңгеге жетпек. Айта кетсек, биыл аймақта мақта дақылын 135 мың гектарға орналастыру көзделіп отыр. Оның 85 мыңы дәстүрлі тәсілмен, тағы 50 мыңы жаңа технологиямен егілмек.