Техникалық колледж студенттерін жұмысқа орналастыру бойынша Ақтөбе облысы көш бастап тұр. Білікті кадрларды дайындау үшін өңірдің көптеген кәсіпорындары оқу орындарымен бірлесіп жұмыстар атқаруда. Оқу бағдарламасы әзірленіп, қажетті жабдықтар алу қарастырылды. Сондай-ақ өндірісте тәжірибеден өту жөнінде келісімдер жасалған. Қазір өңірде жұмысшы мамандықтар тізімінде автокөлік жөндеу және қызмет көрсету, машина жасау ісі, және электр мамандықтары сұранысқа ие. Ал ең жоғары сұраныс IT саласында.