Жол саласының жанашырлары

30
21.01.2025 21:30

Қала көшелеріндегі қозғалыста келеңсіз оқиға болмас үшін жол белгілерінің дұрыс орнатылуы және түнгі уақытта жарықшамдардың жанып тұруы маңызды. Ал, бұл қызметтердің сапалы атқарылуы «Жол қызметі» мекемесі мамандарының жауапкершілігінде. Олар аялдамаларды ретсіз жарнамалардан тазартып, жуып-тазалайды. Оған қоса істен шыққан бағдаршамдарды қайта қосуға асығады. Жол қызметі саласы мамандарының жұмысы жайында келесі бейнематериалда.