Түркістан
EN

Дәрі-дәрмек бағасы 30% дейін арзандайды

98
21.01.2025

Қазақстанда кейбір дәрі-дәрмек бағасы төмендейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. Ведомство ақпаратына сәйкес, түпнұсқамен сапасы бірдей балама дәрі-дәрмектердің бағасы 30 пайызға дейін төмендемек. Сәйкесінше, бұрын дәрі-дәрмектің құнына енгізілген қосымша шығыстар алынады. Егер бастапқы препарат нарықта болмаған жағдайда, отандық аналогтың шекті құны импортталатын дәрілердің орташа бағасынан аспауы тиіс.