Қазақстандық IT-қызметтер экспорты $470 млн-нан асты

29
21.01.2025 21:28

Қазақстан 2024 жылдың 9 айында 471 млн-ға IT-қызметтерді экспорттады. Ал келесі жылға дейін бұл көрсеткішті 1 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделіп отыр. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкіметте мәлімдеді.  Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артық. Отандық IT-экспортты ілгерілетуде Astana Hub басты рөл атқарады. Ондағы резиденттер саны 1,5 мың компаниядан асып, жалпы кіріс 2024 жылы 620 млрд теңгеге жеткен.