Түркістан облысында 25 жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт табылды. Әуелі облыстық полиция департаментіне Төлеби ауданындағы ауылдардың бірінде жас жігітті әлдекім тұтқында ұстап отырғаны туралы арыз түскен. Тәртіп сақшыларының жедел әрекет етуінің нәтижесінде жәбір көрген азамат табылып, бала кезде көз жазып қалған өзінің туған апасымен кездесті.