Биыл жеңіске 80 жыл толады. Осыған орай ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтой ауқымды түрде атап өтілетінін айтқан еді. Енді мамыр айына дейін еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Түркістандағы Қазақстан Халық партиясы өкілдері еске алу шарасының ашылу салтанатын өткізді. Онда көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің студенттері өз өнерлерін ортаға салып, соғыс жылдары тылда еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетті.