Бейбіт келісім жарияланған Газа секторына гуманитарлық көмек тиелген 630-дан аса жүк көлігі жеткізілді. Мысырмен шекарада бір айға жететін көмек қоры бар. Бұл азық-түлік 1 млннан аса адамға жетеді. 19 қаңтарда Израиль әскері мен палестиналық ХАМАС ұйымы арасында оқ атпау туралы келісім күшіне енген еді. Атыс-шабысты тоқтатып, тұтқын алмасудан бөлек, құжатқа сәйкес Газаға күн сайын гуманитарлық көмек тиелген 600 жүк көлігі өтіп отыру керек.