Түркістан
EN

Пәтер ұрысы тұрғындарға 10 млн теңгеден астам шығын келтірген

20
21.01.2025

Атырауда пәтер ұрысы тұрғындарға 10 млн теңгеден астам шығын келтірген. Күдікті тұрғын үйлердің пластикалық терезесін күшпен ашып, жалпы сомасы 10,3 млн теңге тұратын әртүрлі алтын бұйымдарды ұрлаған. Тексеру барысында 35 жастағы азамат алтын бұйымдарды қала аумағында орналасқан әртүрлі ломбардтарға тапсырғаны анықталды. Жәбірленушілердің бірі ломбардтан тәркіленген заттардың ішінен өзіне тиесілі 7 бұйымды таныған. Қазір күдікті ұсталып, аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.