Түркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қатаң бақылауда. Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» тұрақтандыру қоры үйлестіріп жатыр. Жауаптылардың айтуынша, қазір қорда 3500 тонна картоп, 2500 тонна сәбіз, 1700 тонна қырыққабат және 2200 тонна пияз бар. Ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында барлық әлеуметтік дүкендер мен ірі сауда орындарындағы бұрыштарда 100 теңгеден саудаланып жатыр. Сондай-ақ, жиі ұйымдастырылатын жәрмеңкелерде де көкөніс бағасы төмен бағада сатылады.