Түркістан облысында шегірткенің 2 мыңнан аса ошағы бар. Арнайы жүргізілген зерттеулер осындай нәтиже көрсетіп отыр. Сондықтан жергілікті атқарушы билік өкілдері ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресті ерте бастауға қамдануда. Аталған мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте талқыланып, шегірткеге қарсы күресті жұмыстары пысықталды.