Енді Алматы қаласының әкімі қызметін Ерболат Досаев атқарады. 52 жастағы шенеунік осыған дейін Ұлттық банкті басқарған болатын. Айта кетейік, 1997 жылдан бері түрлі жоғары лауазымда жұмыс істеген Ерболат Асқарбекұлы еңбек жолында алғаш рет әкім қызметін атқармақшы.