Түркістан
EN

Жалпықалалық сенбілік өтті

84
20.01.2025

Түркістанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Ауқымды шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, әкімдік қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты. Облыс орталығындағы 6 сектор аумағында сенбіліктер ұйымдастырылып, саябақтар мен алаңдар, арық-атыздар мен көшелер қоқыстан тазартылды.   Мәселен, Шауғар секторында ретсіз қоқыс орындары, заңсыз құрылыс пен бейберекет жарнамалар ретке келтірілді. Айта кетейік, биыл бағдарлама аясында аймақта 7300-ге жуық тазалық іс-шарасын өткізу жоспарланған.