Ақпарат жергілікті полицияға жетіп, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 29 жастағы күдікті қолға түсті. Оның ұялы телефонынан есірткі салынған заттардың жасырылған жері туралы деректер мен 16 орама синтетикалық есірткі табылды. Ал автокөлігінен салмағы 1,5 келіден асатын синтетикалық каннабиноидтар тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындап, есірткі тарататын интернет-дүкенде «қаптамашы» болып жұмыс істегенін айтты. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.