Түркістан облысында биыл денсаулық сақтау нысандарын салу бағытында 7 ірі жоба жоспарланған. Ал Сарыағаш, Ордабасы аудандарында перинаталды орталықтар салынады. Сондай-ақ, Түркістандағы 570 орындық көпсалалы аурухананы биыл аяқтау көзделіп отыр дейді жауаптылар. Облыста тозығы жеткен 58 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны бар. Биыл аталған нысандарды зерделеп, маңыздылығына қарап, 25 нысанды дайын ғимаратты сатып алу арқылы жүзеге асыру жоспарланған.