Қазақстанда картоп бағасы күрт өсті. Еліміз бойынша ең жоғары баға 455 теңгеге дейін жеткен. Осыған байланысты үкімет өзге елдерге уақытша картоп экспорттауды тоқтатпақ. Шектеу әзірге алты айға енгізіліп отыр. Айта кетейік, биыл картоптың жалпы түсімі 2,9 млн тоннаға жеткен. Алайда көрші елдердің, әсіресе Өзбекстанның сұранысының артуына және экспорттық бағаның жоғары болуына байланысты биыл картоп экспорты 1,5 есеге артқан. Ал, қарқынды сұраныс ішкі нарыққа кері әсер етіп отыр.