Қаңтардың қақ ортасында Кентау қаласының іргесінде тұрған Құсшыаталық шаруалар құлпынай өсіріп жатыр. Алғашында кәсібін 200 көшеттен бастаған тұрғын бүгінде жылыжайын 40 соттыққа ұлғайтқан. Қазіргі жылдық өнімі орта есеппен 5 тоннадан асады. Шаруашылықтың бүгінгі тыныс-тыршілігімен тілшіміз танысып қайтты.