Түркістан
EN

450-ден астам құқық бұзушылық анықталды

158
17.01.2025

Түркістан облысында полицейлер "Тасымалдаушы" іс-шарасын өткізді. Ондағы мақсат жолаушылар тасымалы кезіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу. Сақшылар республикалық жолдарда және қала ішіндегі жүргізушілерден жолаушы тасымалын жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының бар-жоғын тексерді. Рейд барысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 13 фактісі, көліктерді заңсыз қайта жабдықтаудың 21 фактісін анықтаған.