Тұрғын үй кезегі Түркістан облысында қашанда болсын өзекті. Қазір аймақта 67 мыңнан астам азамат жеке баспана кезегінде тұр. Өңір жеке дара болып құрылған уақыттан бері 14 мыңнан аса үйдің кілті тұрғындарға табысталыпты. Оның ішінде 7 жарым мың жанұя коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Ал, 6 жарым мың отбасы ипотекалық бағдарламалар арқылы қоныс тойын тойлаған. Орта есеппен алғанда аймақта жыл сайын 2 мыңнан аса пәтер беріледі екен.