Елімізде мыңнан астам мемлекеттік мекеме қажетті азық-түлікке 500%-ға дейін үстемақы қосып сатып алып отырған. Олардың қатарында мектеп, балабақша, ауруханалар мен балалар үйі бар. Олқылықты қаржылық мониторинг агенттігі бақылауға алып, өткен жылы азық-түлік бағаларын көтерудің 817 жағдайын анықтаған. Нәтижесінде, 685 мекеменің мемлекеттік сатып алу келісімшарттары қайта қаралып, 370 млн теңге үнемделіпті. Сондай-ақ, 69 тиімсіз делдал шеттеліп, 11 млн теңге көлемінде айыппұл төленген.