Түркістандықтардың 10 млн теңгесін қолды қылған алаяқ құрықталды. Күдікті Беларусь елінде ұсталып, елге экстрадицияланды. Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, айлакер мен оның сыбайласы 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың тамызына дейін адамдардан 10 млн теңге жинап алған. Есесіне, оларға грант алуға көмектесемін деп сендірген. Сыбайласы елде жүріп қолға түскен. Күдіктінің өзі Беларусь еліне қашып кетіпті. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Қылмыскердің мүлкі тәркіленіп, өзі үш жылдан жеті жылға дейін темір торға тоғытылмақ.