Елімізде жоғары технологиялық дрондар өндірілмек. Ол үшін Алматы облысында арнайы кәсіпорын салынады. 12 миллион АҚШ доллар тұратын жобаны Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «KAZAKH INVEST» жүзеге асырмақ. Ведомство өкілдері мен инвесторлар өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойып та үлгерді. Өндірілетін дрондар Қазақстанның ішкі нарығына ғана емес, Орталық Азия елдеріне де экспортталатын болады.