Зағиптар мен көру қабілеті бұзылған жандар енді кітап оқи алады. Сенаттың жалпы отырысында Марракеш шартын ратификациялау туралы Заң қабылданды. Яғни, Қазақстанның аталған шартқа қосылуы көру қабілеті шектелген азаматтарға әдеби және көркем шығармаларға қол жеткізуге, қоғамның мәдени әрі әлеуметтік өміріне араласуға мүмкіндік бермек. Айта кетейік, ресми дерек бойынша елімізде 90 мыңға жуық зағип жан бар. Оның 7 мыңы балалар.