Түркістан облысында тұрғындарға жедел жәрдем көрсететін бригада тапшылығы бар. Қазірдің өзінде өңірге 60 бригада қажет. Оның 11-і Түркістан қаласына. Бұл мәселе бүгін шаһар басшысы Әзімбек Пазылбекұлының медициналық нысандарды аралауы кезінде айтылды. Қала әкімі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев ақ халаттылармен кездесіп, жұмыс барысымен танысты.