Түркістан
EN

Крещение рәсімі: Суға түскендегі сақтық шаралары қандай?

116
16.01.2025

Жыл сайын 19 қаңтарда Христиан православтарының «Крещение» діни мейрамын атап өтеді. Қауіпсіз шомылу үшін Түркістан облысында екі аймақ таңдалған. Бірі Шардара қаласы Сырдария өзені болса, енді бірі Төлеби ауданы Көксәйек елді мекені. Бұл туралы діни рәсімді өткізу бойынша өткен жиында айтылды. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аймақтарда 38 жеке құрам, техника жұмылдырылмақ. Мамандар суға шомылу ережесін қатаң сақтауды ескертеді.