Ақмола облысы дуальды оқыту арқылы мамандар даярлауда. Бүгінде мұнда білікті жұмысшы кадр тапшылығы бар. Сондықтан, Шучинск қаласының Жоғары техникалық колледжі бірқатар кәсіпорынмен белсенді ынтымақтаса жұмыс істеуде. Мұндағы орта білім оқу орнында жұмысқа орналастыру көрсеткіші 88 пайызға тең. Бүгінде дуальды оқыту бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.