Қазақстандықтар арасында қолма-қол ақшаға сұраныс артты. Мұны Ұлттық банк жүргізген сауалнама нәтижелері көрсетіп отыр. Мәселен, бір жыл бұрын сауалнамаға қатысушылардың тек 23,9 %-ы өз жинақтарын қолма-қол ақша түрінде сақтауды жөн көрсе, 2024 жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш 38 %-ға дейін артқан. Сарапшы Сәбит Баймағанбетов бұл уақытша нәрсе дейді. Және оның экономикаға қандай әсері бар екенін айтып берді.